Лео Мессидің бар құпиясы...

Лео Мессидің бар құпиясы...

Лионель Месси! Осы бір орта бойлы талантты ойыншыны бүкіл әлем біледі. Бір өзі бір командаға татитын аргентиналық ойыншы британдық The Times журналына сұхбат берді. Оның пікірінше, футболдағы ең басты қағида - сүйсініп ойнау екен.

"Футбол - бұл ойын. Мен әр ойынды жеңіл әрі сүйсініп ойнауға тырысам. Және осы үшін алаңға шығам. Ал құмарлық кеткенде, бутсымды шегеге іле салам. Бірақ, ішімдегі от, ұшқын ешқашан өшпесе екен деп тілеймін"-деп әлемнің ең үздік ойыншысы өз сырымен бөлісті.

Лео тағы да, бүгінгі командалардың ойындағы есеп үшін ойнайтынын және жеңіске жету жолында әдемі ойын өрнегі мен керемет футбол спектаклін құрбан қылатындығын атап өтті.

Биыл "Барселона" сапында ойын көрсетін осы бір ойыншы үшін де, команда үшін де сәтсіз жыл болды. Біріншіден, команда биыл Чемпиондар Лигасының финалына жете алмады. Екіншіден, ішкі біріншілікте екінші орында қалып қойды. Ең бастысы, команданы жаттықтырып келген Хосеп Гвардиоладан айырылып қалды. 

Сурет:digjack.com

Дайындаған: Фараби Бақыт


Л. Лига