Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров

Қысқаша өмір жолы 

Жақсылық Үшкемпіров  1951 жылы Жамбыл облысына қарасты Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтына түсіп, зоотехникалық мамандықты таңдаған. Жақсылық Үшкемпіров 1974 жылы институтты тәмамдап, қазақ жеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен Алматыға ат басын бұрады. Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан ол жоғары оқу орнында білім алып жүріп, күрестің классикалық және еркін түрлерімен шұғылдана бастаған. Роман Хасанұлы Ильматовтың кеңесімен  1970 жылдан бастап, өзіне таңсық күрестің жаңа классикалық түрімен айналысуды жөн көрген. Әр спортшының өзіндік құпия тәсілдері болады емес пе? Үшкемпіровтың де жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі - арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді балуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген. Жақсылық Үшкемпіров күрес кезінде өз қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шешетін. 1975 жылы Алматыда өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасында балуанның жолы болып, қазақ даласының ең таңдаулы боз кілем шеберлерімен белдесіп, бірін қалдырмай жеңіп, Спартакиада чемпионы атанады. Бұл Үшкемпіровтың бірінші алтын медалі еді. Бұл жарыстардан кейін де Ж.Үшкемпіров қазақ елінің чемпионаттарында жеті дүркін жүлдегер атанған. Халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтпайтын ол Олимпиада ойындарына да жолдама алды.

Жұлдызды сәт

1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға – Олимпиада ойындары. Бұл ойынға қазақ намысын қорғау үшін бірталай спортшыларымыз ат басын Мәскеуге бұрды. Солардың арасында Жақсылық Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Александрович Писарев қана сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Міне,айқасатын сәт те келіп қалды. Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша, қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы  Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Бірақ, қарсыласын қырғидай қырған қазақ балуаны Ж.Үшкемпіров чемпион атанып, осы жарыста күллі әлемге ел атын асқақтатып қайтты.

сурет Ғаламтордан алынды

12992 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 30 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
26 қаңтар 2012, 13:10

"Жақсылық ағамыз олимпиада чемпионы болған кезде әскерде жүрген қазақ балалары жылап жібердік,міне біздің қазақ!"-деп мақтандық деп отырады Эстонияда әскери борышын өтеген әкем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...