Головкин – Мюррей жекпе-жегі қанша раундқа созылады?

О Сансызбай Корреспондент
Головкин – Мюррей жекпе-жегі қанша раундқа созылады?

Бүгін, нақтырақ айтсақ Астана уақытымен түнгі сағат 04:45 шамасында Монакодағы «Salle des Etoiles» аренасында WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мен британдық Мартин Мюррей жекпе-жек өткізетінін спортсүйер қауым жақсы біледі.

БӨЛІСУ

Шаршы алаңдағы жекпе-жекті физикалық дайындық пен ұстанар жүйе, тәжірбие мен рингтегі рух шешері анық. Бұл тұрғыдан қос былғары қолғап шебері де тас-түйін дайын екендіктерін мәлімдеп үлгерді. Ал кездесудің нақты қанша раундқа созыларын дөп басып тағы да айта алмаймыз.

Қазіргі таңдағы кәсіпқой бокс нағыз саңлақтар шайқасы саналғанмен, қаржыны күреп табудың бір жолы да. Ендеше төрткүл дүние көз тіккен алыптар шайқасы бірінші раундта-ақ аяқталып қалады деп айту қиындау. Өйткені, ақы төлеп тікелей көрсетілім таратып отырған арналар үшін тиімді емес. Оның үстіне Геннадий Головкин нағыз бокс шоуын жасағысы келетінін жасырмады.

Америкалық «Bleacher Report» спорт басылымы бұл шайқас бесінші раундта мәресіне жетеді деп болжауда. Айқын фаворит саналып отырған отандасымыздың жеңіске жетеріне шүбә келтірмеген. Бәлкім, бағы мен бабы қатар шауып жатса, GGG бұл раундқа да қарсыласын жеткізбеуі бек мүмкін. Бүкіл қазақ елі тілеуін тілеп отырған былғары қоғап шеберіміз үмітті ақтайды деген сенімдеміз.

Сурет:vk.com

Оқи отырыңыз

Головкин бұрын қылмыстық жазаға тартылған қарсыласын қалай жеңеді?

Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді

Головкин мен Мюррей жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты

Геннадий Головкиннің спорттағы ең үздік сәттері HBO телеарнасынан көрсетілді

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді