Еуро-2016. Қазақстан-Түркия арасындағы ойын Алматыда өтетін болды

Еуро-2016. Қазақстан-Түркия арасындағы ойын Алматыда өтетін болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Түркия құрамасымен Алматы қаласында кездеседі. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

Ел құрамасының бұған дейінгі ойындары Елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтіп келген болатын. Алматының Орталық стадионында өтетін аталмыш кездесуді енді оңтүстік астаналық жанкүйерлер тамашалай алады. Ойын 12-шілде күні өтеді. Естеріңізге сала кетсек, 28-наурызда өтетін Қазақстан-Исландия арасындағы кездесу де Астана қаласынан Алматыға ауыстырылуы туралы мәселе көтерілген еді. 

Юрий Красножан шәкірттері кеше ғана Молдова құрамасымен тең ойнаған болатын. Түркияның Анталья қаласында өткен жолдастық кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Жерлестеріміз 31 наурыз күні Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 

Сурет: fifa.com

Н. Айдархан