Ел футболындағы төрешілердің жұмысы қатаң бақыланатын болады

Ел футболындағы төрешілердің жұмысы қатаң бақыланатын болады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Түркияға барған жұмыс сапарында Қазақстанның төрешілер корпусымен кездесті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.

Кездесу барысында ҚФФ басшысы төрешілердің жұмысына көңілі толмайтынын ашық жеткізген. Сонымен қатар, алдағы маусымда жұмысын әділ атқармаған төрешілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

- Алдын-ала келісілген ойындар мен төрешілердің қызметі әлі күнге дейін өзекті мәселе, - дейді Ерлан Қожағапанов. – Бұл біздің футболдың сорлы тұсы, футболдың дамуы мен өркендеуіне кедергі келтіреді. Төрешілердің жұмысын өте мұқият қадағалайтын боламыз, және олардың тарапынан жемқорлық әрекет анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан футбол федерациясы жаңа маусымнан бастап ойын барысында туындаған даулы сәттердің сараптамасына бақылауды күшейтіп, еліміздің құқық қорғау органдарымен әріптестікті нығайтпақ.

- Біз отандық футболды толықтай жемқорлықтан тазартуымыз қажет. Кездесу тағдыры сыртта емес, футбол алаңында шешілуі тиіс, - деп атап өткен Ерлан Қожағапанов.

Сонымен қатар, кездесу барысында УЕФА аясында өтетін ойындарда қазақстандық төрешілердің жұмысы мен біліктілігін көтеру сұрақтары талқыланды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның төрешілер корпусы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Еліміздің төрешілік және бақылау департаментін италиялық маман, элиталық категориядағы төреші Маттео Трефолони басқарады.

Сурет:kff.kz

Оқи отырыңыз

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланды

Қазақстан 2026 жылы Футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізетін болды

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы