Геннадий Головкин Монакодағы жаттығуын бастады (видео)

Геннадий Головкин Монакодағы жаттығуын бастады (видео)

Төрт күннен кейін Монакодағы «Salle des Étoiles» аренасында отандасымыз Геннадий Головкин британдық боксшы Мартин Мюрреймен жұдырықтасатын болады. Қазақстандық боксшы келген күні-ақ жаттығу жұмыстарына кірісті.

WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы өз атағын қорғайды. Екі былғары қолғап шебері де кәсіпқой бокста 31 кездесу өткізген. Өзара жұдырықтасулары 32-ші жекпе-жектерін тіркемек. Тағы бір қызығы, екеуінің де жасы 32-де екен. GGG 31 кездесуінің 27-сін мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған. Ал қарсылас болса бұл көрсеткішпен санаса алмайды. Мартин Мюррей 12 жекпе-жегінде ғана нокаутпен жеңіске жеткен.

Бірнеше күннен кейін Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей тілшілерге арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Жұмада, 20 ақпанда ресми өлшеу рәсімі өтеді, ал жекпе-жек Астана уақыты бойынша сенбіден жексенбіге қараған түні (Астана уақытымен 01:45-те) болады. Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті «Қазақстан» арнасынан тікелей эфирде тамашалайтын болады.

Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекке танымал пуэрто-рикалық төреші Луис Пабон қазылық жасайды. Ал оған Стэнли Кристодулу, Фернандо Барбоса және Джек Вудберн көмектесетін болады. Бұл төреші GGG кездесуіне алғаш рет қазылық жасағалы отырған жоқ. Ол отандасымыздың Осуман Адамаға қарсы осы Монакодағы кездесуіне де төрелік еткен болатын.

Сурет:vkcom

Оқи отырыңыз

Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді

Головкин мен Мюррей жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты

Геннадий Головкиннің спорттағы ең үздік сәттері HBO телеарнасынан көрсетілді

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді

Ө. Сансызбай