Қазақстан Суперкубогының ресми сайты іске қосылды

Қазақстан Суперкубогының ресми сайты іске қосылды

Бүгін Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойынға арналған сайт толыққанды жұмысын бастады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Сайттан 1995 жылы басталған Қазақстан Суперкубогы ойындары жөніндегі барлық мәліметтерді алуға, командалардың соңғы жаңалықтары мен ойыншыларының тізімімен танысуға болады. Сонымен қатар, «Астана» мен «Қайрат» клубтарының Суперкубок ойындарына жеткен жеңісті жолы көрсетілген. Жаңа сайт supercup2015.kz электронды мекенжайы бойынша іске қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, ел премьер-лигасының жаңа маусымдағы шымылдығын түретін ойын 1 наурыз күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады.  

Сурет: скриншот 

Оқи отырыңыз

Қазақстан Суперкубогының ойыны Түркияда да көрсетіледі

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Ө. Сансызбай