Парашютпен секіруден рекорд орнатылды (Видео)

Парашютпен секіруден рекорд орнатылды (Видео)

29 жастағы Джонатан Флорес әлемдік рекорд орнатты.

БӨЛІСУ

Колумбиялық парашютшы 11 километр биіктіктен секіріп, 10 километр бойы парашютын ашпай, еркін құлау үстінде болды. Бұған дейін ешкім дәл осындай қашықтықты ұзақ уақыт бойы парашютсыз бағындырып көрмеген еді.


Сонымен қатар, Флорес әуеде 9 минут 2 секунд уақыт өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша да әлемдегі барлық жанның алдына шықты. Құлау жылдамдығы 160 км/сағ-қа дейін жеткен екен.

Экстремал бұл әрекетін видеоға да түсіріп үлгерді. Өзінің айтуынша, бұл іске бармас бұрын оны жұбайы көп сақтандырып, бұндай биіктіктен секірмеуін өтінген екен. Дегенмен адреналинді жаны сүйетін Флорес бұл ниетінен айнымапты.

Рекордшы осылайша жер бетіне 1 шақырым ғана қалғанда парашютын ашып, ерлік жасады. Ол осы 9 минут оның өміріндегі ең бір есте қаларлық кезең болатындығын айтты журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетелік, экстримді жаны сүйетін 42 жастағы ұлыбританиялық Гэри Коннери 730 метр биіктіктен секіріп, рекорд орнатқан болатын. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: spy.kz