Зарина ойнамады, команда жеңілді

Зарина ойнамады, команда жеңілді

Теннистен Қытайдың Гуанчжоу қаласында Федерация кубогы турнирінің финалдық кездесуі аяқталды. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жарыстың бірінші тобынан үздік шыққан отандастарымыз екінші топтың көшбасшысы атанған жапон қыздарынан жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шыға алмады. Шешуші кездесудің жекелей сынында еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Диас өнер көрсеткен жоқ. Себебі әзірге белгісіз. Мүмкін бас бапкер ұстанған жүйе осылай болған болар. Нәтижесінде Юлия Путинцева Мисаки Доиден 1:6, 3:6 есебімен ұтылса, Ярослава Шведова Куруми Нарадан 6:2, 5:7, 3:6 нәтижелерімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы өз тобында Қытай, Тайпей және Таиланд құрамаларынан басым түскен еді.

Сурет:matritca.kz

Оқи отырыңыз

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Зарина «Australian Open» турнирін аяқтады

Мария Шарапова: Зарина Дияс кез келген қарсыласын сүріндіруге қауқарлы

Ө. Сансызбай