Головкин мен Уорд арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Головкин мен Уорд арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін

Андре Уордтың менеджері Джеймс Принц америкалық боксшы мен Қазақстан спортшысы Геннадий Головкиннің арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inform.kz Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

«Біз осыны қалаймыз. Бүгін мен Геннадийдің промоутері Том Леффлермен сөйлестім. Басты сұрағым - «қашан?» болды. Біз жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін деп ойлаймыз. Салмақ дәрежесін талқылаған жоқпыз. Головкин көтерілуге қарсы емес деп ойлаймын. Оның барлығы уақыттың еншісінде. Жекпе-жек өтеді. Оны күтудеміз», - деген  Принцтің сөздерін келтіреді The Sweet Science.

Қаңтар айының басында Андре Уорд Roc Nation промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Басылымның жазуынша, оған қол қойғаны үшін Уорд Roc Nation-нан 2-3 миллион доллар көлеміндегі бонусты алған. Бұл ретте Уордтың жекпе-жектер үшін кепілдендірілген гонорары жетісандық соманы құрайды. 

сурет: youfight.info