Евро-2017. Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

 Евро-2017. Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында футболдан жастар арасында (U-21) 2017 жылы Польшада өтетін Европа чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Саулюс Ширмялис жаттықтыратын отандастарымыз тоғызыншы топқа түсті.

Іріктеу кезеңінің ойындары наурыз айында басталады. Қазақстан жастар құрамасы Англия, Швейцария, Норвегия, Босния және Герцеговина құрамаларымен бір топқа түсті. Отандастарымыз іріктеу кезеңін 2 қыркүйектен бастайды.

Жарыс өткізетін ел ретінде Польша жастар құрамасы бірден жолдама алса, 9 топтан бірінші орын алған құрамалар тікелей жолдамаға ие болады. Ал екі команда топтағы нәтижелеріне қарай таңдалады. Барлығы 12 құрама бақ сынайтын болады. Бұған дейін финалдық кезеңге 8 команда қатысатын еді.

Айта кетейік, футболдан жастар арасындағы Европа чемпионаты екі жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы дода Чехия елінде өтеді. Іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы Франция, Армения, Исландия және Беларусь құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп, үшінші орынға тұрақтаған еді. Отандастарымыз соңғы рет Санкт-Петербордағы «Достастық кубогына» қатысып, жетінші орынмен шектелді.

Қазақстан жастар құрамасының күнтізбесі:

02.09.2015. Босния және Герцеговина — Қазақстан
07.09.2015. Қазақстан — Швейцария
08.10.2015. Норвегия — Қазақстан
13.10.2015. Англия — Қазақстан
25.03.2016. Қазақстан — Босния және Герцеговина
02.09.2016. Швейцария — Қазақстан
06.10.2016. Қазақстан — Англия
11.10.2016. Қазақстан — Норвегия. 

Cурет: өңделген

Оқи отырыңыз

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасы Ресейді жеңе алмады

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Ө. Сансызбай