Қазақстан құрамасы Федерация кубогында екінші жеңісіне жетті

Қазақстан құрамасы Федерация кубогында екінші жеңісіне жетті

Қытайдың Гуанчжоу қаласында теннистен Федерация кубогы турнирінде қазақстандық теннисші қыздар екінші жеңісіне қол жеткізді. Отандастарымыз қытайлық Тайпэй спортшыларынан айласын асырды.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жарыстың бірінші тобында бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы қарсыластарын екі ойын қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Диас Си Су-Вейден 6:4, 2:6, 7:5 есептерімен басым түсті. Ал Ярослава Шведова болса Йя Сун-Лиді қиналмай жеңді. Екі сетте де 6:1, 6:1 нәтижелері тіркелді. Енді жұптық ойындағы нәтиженің маңызы аса жоғары емес. Себебі, отандастарымыз 2:0 есебімен алға шығып үлгерді.

Қазақстандық теннисші қыздар ертең Таиланд құрамасымен кездесетін болады. Әр топтан бірінші орын алған құрама финалға шығып, әлемдік лиганың плей-офф кезеңінің жолдамасына таласады. Екінші топта Жапония, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Гонконг теннисшілері бақ сынауда. Жеңімпаз 7 ақпан күні анықталады.

Айта кетейік, федерация кубогы халықаралық турнирінің тарихы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастау алады. Ұлттық құрамалар арасындағы командалық жүйедегі кездесулер о бастан әйелдер арасында ғана ұйымдастырылып келеді. Ерлер арасындағы дәл осындай жүйедегі турнир «Дэвис кубогы» деп аталады.

Сурет: sports.com

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Зарина «Australian Open» турнирін аяқтады

Мария Шарапова: Зарина Дияс кез келген қарсыласын сүріндіруге қауқарлы

Ө. Сансызбай