Евро-2017. Ертең Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталады

Евро-2017. Ертең Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталады

Ертең Швейцарияның Ньон қаласында футболдан жастар арасында (U-21) 2017 жылы Польшада өтетін Европа чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. УЕФА құрамындағы 52 елдің жастар құрамасы 9 топқа бөлінеді.

Жеребе тастау рәсімі алдында командалар рейтингтік көрсеткішіне байланысты 6 себетке бөлінді. Қазақстан жастар құрамасы 5-ші себетке түскен. Іріктеу кезеңінде бір себеттегі құрамалар бір топқа түспейді. Саяси жағдайларға байланысты Ресей мен Украина құрамаларының бір топқа түспеуі қарастырылған.

Құрамалар төмендегідей себеттерге бөлінген:

Бірінші себет: Иcпaния, Англия, Итaлия, Гepмaния, Фpaнция, Чeхия, Пopтугaлия, Нидepлaнды, Дaния
Екінші себет: Ресей, Швeйцapия, Швeция, Сepбия, Изpaиль, Укpaинa, Слoвaкия, Румыния, Бeльгия
Үшінші себет: Түpкия, Слoвeния, Авcтpия, Шoтлaндия, Гpeкия, Хopвaтия, Нopвeгия, Аpмeния, Чepнoгopия
Төртінші себет: Финляндия, Уэльc, Вeнгpия, Иcлaндия, Бocния және Гepцeгoвинa, Гpузия, Мoлдoвa, Иpлaндия, Бeлapуcь
Бесінші себет: Бoлгapия, Кипp, Мaкeдoния, Литвa, Әзірбайжан, Қазақстан, Албaния, Лaтвия, Эcтoния
Алтыншы себет: Фapep аралдары, Солтүстік Иpлaндия, Люкceмбуpг, Мaльтa, Сaн-Мapинo, Андoppa, Лихтeнштeйн.

Жарыс өткізетін ел ретінде Польша жастар құрамасы бірден жолдама алса, 9 топтан бірінші орын алған құрамалар тікелей жолдамаға ие болады. Ал екі команда топтағы нәтижелеріне қарай таңдалады. Барлығы 12 құрама бақ сынайтын болады. Бұған дейін финалдық кезеңге 8 команда қатысатын еді.

Айта кетейік, футболдан жастар арасындағы Европа чемпионаты екі жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы дода Чехия елінде өтеді. Іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы Франция, Армения, Исландия және Беларусь құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп, үшінші орынға тұрақтаған еді.  

Cурет:com-cup.ru, sports.ru

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасы Ресейді жеңе алмады

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жер шарының құны қанша?
Жер шарының құны қанша?
Смартфон неге қызып кетеді?
Смартфон неге қызып кетеді?
Зерттеу: Кептірілген жеміс қыста да пайдалы
Зерттеу: Кептірілген жеміс қыста да пайдалы
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына үлес қосады
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына үлес қосады
Тіс тазалағанда кездесетін қателіктер
Тіс тазалағанда кездесетін қателіктер
Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-орын алды
Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-орын алды