«Ордабасы» ойыншылары мінген ұшақ Стамбулға әрең қонған

О Сансызбай Корреспондент
«Ордабасы» ойыншылары мінген ұшақ Стамбулға әрең қонған
Фото ©️ life.mosmetod.ru

Шымкенттен Стамбулға бағыт алған ұшақ түрік жеріндегі әуежайға әрең қонған. Ұшақта жолаушылармен қатар, «Ордабасы» командасының ойыншылары да болыпты. Бұл туралы «Отырар» арнасына команданың баспасөз қызметінің басшысы Ихсан Қадыров хабарлаған.

БӨЛІСУ

Қолайсыз ауа-райы ұшақтың қонуын бір сағаттан астам уақытқа кешеуілдеткен. Ихсан Қадыров жолаушылардың қорыққанын, қатты алаңдағанын мәлімдеп отыр. Ұшақ әуежайға қонғанда барып қана, қорқыныштары сейіліпті.

Айта кетейік, шымкенттік клуб Босфор жағалауында өткізетін үшінші оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. Алдағы уақытта дайындықтарын шыңдау мақсатында бірнеше жолдастық кездесулер ұйымдастыруды да жоспарлап отыр. Виктор Кумыков шәкірттері 7-ші ақпан күні екі ойын өткізеді. Астана уақытымен сағат 15:00-де киевтік «Динамомен» ойнаса, кешкісін Румынияның «Брашов» командасымен кездеседі. 

Оқи отырыңыз

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

14 жастағы қазақстандық футболшы Францияны мойындатты

УЕФА «Жетісуді» неге жазалады?