Қонысбаев «Астана» командасына ауысты

Қонысбаев «Астана» командасына ауысты

Жамбыл облысы футбол мектебінің түлегі Ұлан Қонысбаев «Астана» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ұлан 2011-2013 жылдар арасында елордалық команда сапында ойнап, кейіннен кеншілер командасына қарай ауысқан. 25 жастағы ойыншы бұған дейін ел біріншілігіндегі "Тараз" құрамында 58 ойын өткізіп, 7 гол салса, қарағандылық "Шахтер" командасының сапында жүргенде 40 ойында 5 голдың иесі атанған екен. Ал, "Астана" құрамында өткізген кездесулерінде 66 рет алаңға шығып, 11 голды өз атына жазған. Қонысбаевтың қауқары командаға қандай нәтиже алып келетінін ел біріншілігінде көреміз. 

 Сурет: Vesti.kz

Оқи отырыңыз: 

Футболдан ел премьер-лигасы қашан басталады?

Азия кубогында футболшылар темекі шегіп ұсталды

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

B. ZHAQSYMBET