Роналду өз жазасын алды

Роналду өз жазасын алды

Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду соңғы турдағы тәртіпсіздігі үшін Испанияның корольдік футбол федерациясы (RFEF) шешімімен екі ойыннан шеттетілді. Бұл туралы испан басылымдары хабарлап отыр.

Естеріңізде болса, мадридтік клубтың сырт алаңдағы «Кордоваға» қарсы ойынында Криштиану Роналду 83-ші минутта алаңнан қуылған еді. Ол алдымен қорғаушы Эдимардың аяғынан шалып жықса, кейіннен Хосе Креспоны бетінен қағып, кері шегіндірген-ді. Өз қателігін мойындаған футболшы кездесу соңынан кешірім сұраған болатын.

Криштиану Роналдудың бұл қылығын басты бәсекелестері саналатын каталондық «Барселона» ойыншылары өте дөрекі ереже бұзу ретінде бағалады, және төрт ойынға қатыспауын қалаған. Тіпті кей басылымдар он екі ойынға дейін шеттетілуі мүмкін екенін жазған еді. Енді Роналдудың екі кездесуге қатыспайтынын естіген кей клуб басшыларының көңілі толмай отырған көрінеді.

Португалдық футболшы «Реалдың» «Реал Сосьедад» (31 қаңтар) пен «Севилья» (4 ақпан) командаларына қарсы өткізетін ойындарына қатыспайды. 

Сурет: itv.com

Оқи отырыңыз

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

Роналдудың баласы Мессимен танысты (видео)

Роналду мен Ирина Шейк айырылысып тынды

Ө. Сансызбай