Зарина Диас «Australian Open» жұптық кезеңінде екінші айналымға өтті

Зарина Диас «Australian Open» жұптық кезеңінде екінші айналымға өтті

Теннистен Австралия ашық біріншілігіне қатысып жатқан отандасымыз Зарина Диас жұптасып өнер көрсетуде 1/16 финалға жолдама алды. Қазақстандық теннисші Оңтүстік Африка елінен келген Шанель Спехерспен жұп құраған.

Зарина мен Шанель «Australian Open-2015» халықаралық турнирінің бірінші кезеңінде Дарья Юрак (Хорватия) пен Меган Мултон-Леви (Ямайка) жұбына қарсы ойнады. Бірінші сетте 4:6 есебімен есе жібергенмен, екінші сетте дәл осындай нәтижемен жеңіске жетті. 2 сағат 20 минутқа созылған ойынның үшінші сеті тең аяқталып, жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталды.

Зарина Диас пен Шанель Спехерс жұбы 1/16 финалда Германия елінің теннисшілері Юлия Гергес пен Анна-Лена Гренефельдке қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Зарина Диаспен қатар, тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да жекелей сында  1/16 финалға жолдама алған болатын. Еліміздің бірінші ракеткасы ресейлік танымал теннисші Мария Шараповамен ойнаса, Ярослава Шведова қытайлық Пэн Шуаймен кездеседі. Екі кездесу де ертең өтеді. Отандастарымызға сәттілік тілейміз. 

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай