Зарина Диас «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Зарина Диас «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас «Үлкен дулыға» санатындағы «Australian Open-2015» халықаралық турнирін сәтті бастады. Ол WTA рейтингіндегі көрсеткішіне орай, жарысты негізгі кезеңнен бастаған болатын.

Еліміздің бірінші ракеткасы бірінші айналымда польшалық теннисші Урсула Радванскамен кездесті. Бірінші сетте отандасымыз қарасыласына 6:3 есебімен есе жібергенімен, екінші сете 6:4 нәтижесімен жеңіп шықты. Шешуші сетте бар шеберлігін танытуға асыққан Зарина 6:2 есебімен басым түсті.

Келесі айналымда Зарина Диас словакиялық теннисші Анна Шмидловамен кездеседі. Ол соңғы жаңарған WTA рейтингінде 72-ші орынға орналасқан. Ойын 21 қаңтар күні Астана уақытымен таңғы сағат 06:00-де өтеді.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына Михаил Кукушкин мен Ярослова Шведова да шығады. 

Сурет: rambler.ru

Ө. Сансызбай