Қазақстан футбол федерациясының президенті ФИФА басшысымен кездесті

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан футбол федерациясының президенті ФИФА басшысымен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттермен кездесті.

БӨЛІСУ

Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Достастық кубогы-2015» халықаралық турнирі басталды. Құрметті қонақтар қатарында ФИФА президенті Йозеф Блаттер де болған. Соңынан ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов пен мәртебелі қонақ арасында ел футболы жайлы әңгіме де өрбіпті.

Кездесу барысында Қазақстанда футболдың дамуы, төрешілердің дайындалуы мен балалар футболының деңгейі жайлы сөз қозғалған көрінеді. Өз кезегінде ФИФА басшысы да Қазақстанда футболдың дамуына көмек қолын созатынын жеткізіпті.

Айта кетейік, 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кезектен тыс ХІ конференциясы өтіп, Ерлан Қожағапанов президент болып тағайындалған еді. Яғни, ФИФА президенті Йозеф Блаттермен алғаш рет кездесіп отыр. 

Сурет: vesti.kz