Зарина Диас Хобарттағы турнирді ширек финалда аяқтады

Зарина Диас Хобарттағы турнирді ширек финалда аяқтады

Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі Зарина Диас Австралияда өтіп жатқан WTA санатындағы «Hobart International» халықаралық турнирінің ширек финалынан аса алмады.

Қазақстандық спортшы жартылай финал жолдамасын бүгін америкалық теннисші Элисон Рискпен сарапқа салды. Бірінші сеттің алғашқы геймдерінен-ақ басымдыққа ұмтылған Заринаның қарсыласы оңай жеңіске жетті. Бірінші сетте отандасымызды 6:3 есебімен жеңсе, екінші сетте Зарина Диас қарсыласын бір геймде де жеңе алмады. Нәтижесінде WTA рейтингінің 42-ші орнында тұрған спортшыдан жеңіліп, жарысты ширек финалда аяқтады. Естеріңізде болса, Қытайдағы «Shenzhen Open-2015» турнирінде де жерлесіміз ширек финалда жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, бұл додадан кейін Зарина Диас «Үлкен дулыға» санатындағы «Australian Open» додасына қатысады. Рейтингтік көрсеткішіне орай, отандасымыз жарысты іріктеу кезеңінен емес, негізгі кезеңінен бастайтын болды.

Сурет:shenzhenopentennis.com

Ө. Сансызбай