Өткен маусымда «Қайратта» ойнаған футболшылар «Ертіске» ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Өткен маусымда «Қайратта» ойнаған футболшылар «Ертіске» ауысты

Өткен маусымда алматылық «Қайрат» командасының сапында өнер көрсеткен Самат Смақов пен Александр Кислицин керекулік «Ертіс» қатарын толықтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Владимир Вайсс жаттықтыратын «Қайрат» командасы да ресми сайтында футболшыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, екі футболшы да маусым соңындағы «Астанаға» қарсы ойында спорттық бабын таныта алмады деп жазаланған 5 ойыншының қатарында болатын.

Самат Смақов осыған дейін «Ертіс» командасының қатарында ойнаған. 1999 жылғы маусымда ел чемпионы атағын жеңіп алған.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ресейлік маман Дитрий Черышев жаттықтыратын ұжым қатарын қақпашы Давид Лория мен жартылай қорғаушы Марат Шахметов толықтыруы мүмкін.

Сурет: thenews.kz