Месси – әлемдегі ең қымбат футболшы

Месси – әлемдегі ең қымбат футболшы

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) Еуропаның басты 5 чемпионатында өнер көрсететін әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады.

CIES түзген рейтинг бойынша ең қымбат футболшылар тізімін каталондық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси бастады. Оны португалдық футболшы Криштиану Роналдудан 87 миллион евро жоғары бағалаған. Яғни, аргентиналық сұрмергеннің трансферлік құны 220 миллион евроны құраса, мадридтік «Реал» шабуылшысы 133 миллион еуроға бағаланып отыр. Үштікті лондондық «Челси» футболшысы Эден Азар (99 миллион евро) қорытындылаған.

Әлемдегі ең қымбат 20 футболшы:

1. Лионель Месси («Барселона») — 220 миллион евро

2. Криштиану Роналду («Реал») — 133

3. Эден Азар («Челси») — 99

4. Диего Коста («Челси») — 84

5. Поль Погба («Ювентус») — 72

6. Серхио Агуэро («Манчестер Сити») — 65

7. Рахим Стерлинг («Ливерпуль») — 63

8. Сеск Фабрегас («Челси») — 62

9. Алексис Санчес («Арсенал») — 61

10. Гарет Бэйл («Реал») — 60

11. Неймар («Барселона») — 58

12. Анхель Ди Мария («Манчестер Юнайтед») — 57

13. Марио Гетце («Бавария») — 52

14. Хамес Родригес («Реал») — 50

15. Оскар («Челси») — 50

16. Луис Суарес («Барселона») — 48

17. Тибо Куртуа («Челси») — 45

18. Иско («Реал») — 45

19. Роберт Левандовски («Бавария») — 44

20. Коке («Атлетико») — 44

Сурет:hdwallpapersinspiration.com

Ө. Сансызбай