Дәурен Елеусінов Флойд Мейвезер менеджерімен келісімшарт құрды

Дәурен Елеусінов Флойд Мейвезер менеджерімен келісімшарт құрды

2014 жылдың соңына қарай кәсіпқой боксқа біржола бет бұрған қазақстандық былғары қолғап шебері Дәурен Елеусінов осы саладағы ең ықпалды адамдардың бірі Эль Хаймонмен келісімшартқа қол қойды.

Қазіргі таңда Эль Хэймон 125-тен астам боксшылармен келісімшарт арқылы жұмыс жасауда. Негізінен, ол бокс жекпе-жектерін ұйымдастырады. Жарнама мен ақпарат құралдарымен де тығыз байланыс орнататын танымал тұлғалардың бірі. Онымен келісімшарт құрған боксшылардың қатарында әйгілі Флойд Мейвезер (кішісі) де бар. Сонымен қатар, Эль Хэймон шәкірттері қатарында кезінде «Astana Arlans» клубының намысын қорғаған украиналық Сергей Деревянченко да еніп отыр. Эль Хэймон есімі – кәсіпқой бокс әлемінде ең беделі жоғары менеджер ретінде де танымал.

Естеріңізге сала кетсек, Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Нью-Йорк қаласында Энтони Мэдденмен өткізіп, бірінші раундта-ақ айқын басымдықпен жеңген еді. Бүгінде отандасымыздың промоутерлері - «Fight Promotion» және Лу Дибелла.

Дәурен Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтың ағасы. Әуесқой бокста 2001 жылы ел біріншілігінде алғаш рет шаршы алаңға көтерілген. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде халықаралық және құрлықтық жарыстардан иеленген бірнеше атақтары бар. Сондай-ақ, 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2009 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.  

Сурет: boxingnews.kz

Ө. Сансызбай