Сабинаны Гонгонг жұртшылығы ыстық ықыласпен қарсы алды (видео)

Сабинаны Гонгонг жұртшылығы ыстық ықыласпен қарсы алды (видео)

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованы Гонгонгта мыңдаған жанкүйер күтіп алды. Бұл туралы «Hk.apple.nextmedia.com» порталы хабарлады. 

Сабинаның ұшағы Гонконгқа кешігіп қонған. Соған қарамастан отандасымызды қарсы алуға келген жергілікті жанкүйерлердің көңіл-күйі ерекше. Гонконг жұртшылығы жерлесімізді ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті. Жанкүйерлер Сабинаны ортаға алып, кезек-кезек суретке түсумен болды. Сабина да өз кезегінде Гонгонг тұрғындарымен селфи жасаудан бас тартқан жоқ.

Кеше ғана Сабинаның Гонконгқа аттанғалы жатқанын хабарлаған болатынбыз. Сабина жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасып және спорт тақырыбындағы халықаралық салтанатты жиынға қатысатынын жеткізген еді. Сабинаның Гонконгқа сапары алдында берген сұқбатын толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.

Cурет: vesti.kz

Н. Айдархан