Генаның нокауты – үздіктер қатарында

Генаның нокауты – үздіктер қатарында

Танымал HBO Sports телеарнасы 2014 жылды қортындылап, үздік спортшыларды анықтады. Бұл тізімде орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес те бар.

Спорт мамандары Головкиннің Дэниэль Гилге қарсы өткен жекпе-жегіндегі ақырғы соққысын жоғары бағалап, жылдың үздік нокауты аталымының жеңімпазы деп таныды. Естеріңізде болса, Головкин бұл жекпе-жектің үшінші раундында қарсыласын ұрып құлатқан болатын.

Ал Геннадийдің бапкері Абель Санчес жылдың үздік бапкері атағын иеленді. 

Бұған дейін BleacherReport.com сайты Головкиннің Гилді құлатқан сәтін жылдың есте қалар ең үздік 10 сәтінің біріне балаған болатын. Ал танымал ресейлік Sports.ru порталы жерлесіміздің бұл жеңісін "Жылдың үздік 10 нокаутының" қатарына қосты.

Сондай-ақ, жерлесіміздің нокауты Vringe.com сайты және Nouri Productions компаниясы жасаған "2014 жылдың ең үздік нокауты" видео іріктеуінде де үздіктер қатарынан орын алды.

Сурет: fightword.com

Н. Айдархан