«Ордабасы» мен «Оқжетпес» тең тарқасты

О Сансызбай Корреспондент
«Ордабасы» мен «Оқжетпес» тең тарқасты

Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан шымкенттік «Ордабасы» мен көкшетаулық «Оқжетпес» өзара жолдастық кездесу өткізді. Ойында 1:1 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

Виктор Кумыков шәкірттері сапынан Артем Касьянов белсенсе, Владимир Мұқанов жаттықтыратын ұжым қатарынан Әлібек Бөлешов гол соқты. Шымкенттік ұжым жаттығу жұмыстарын бастағалы бері алғашқы ойынын өткізсе, «Оқжетпес» осыған дейін «Этибанк Ферокром» командасын 7:1 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, «Оқжетпес» өткен маусымда бірінші лиганы бірінші орынмен қорытындылап, премьер-лигаға жолдама алған еді.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Оқжетпес» 1:1

Голдар: Касьянов - Бөлешев

«Ордабасы»: Отарбаев, Симчевич, Малый, Абдуллин, Суйімбаев (Адырбеков), Нұрғалиев, Әшірбеков, Касьянов, Сариев (Бейсенов), Төлебек (Тұңғышбаев,15), Гридин (Тәжімбетов).

«Оқжетпес»: Багинский, Пасичник, Азовский, Крюков, Мангуткин, Суйінов, Хохлов, Волков, Куксин, Ержанов, Бөлешев.

Cурет: prosportkz.kz