Роналду Платинидің қолын неге алмай қойды?

Роналду Платинидің қолын неге алмай қойды?

Мадридтік «Реал» мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кеше клубтар арасындағы әлем чемпионатының марапаттау рәсімінде УЕФА президенті Мишель Платинидің қолын алмай қойды. Көрмегенсіп, жанынан өте шықты.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары португалдық ойыншының бұл әрекетін сан қырынан талқылауда. Бірі – араларында келіспеушілік орын алған десе, екінші бір ақпарат көздері – мұны «Алтын допқа» қатысты Мишель Платини сөзімен байланыстыруда. Соңғы нұсқа шындыққа жанасымдылау. Өйткені, УЕФА президенті осы жылы «Алтын допты» әлем чемпионы атанған Германия құрамасының ойыншысы алуы тиіс деп айтқан болатын. Бұл мәлімдеме Роналдудың шамына тисе керек-ті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше мадридтік «Реал» Марракеште (Марокко) Либертодорес кубогының иегері аргентиналық «Сан-Лоренсоны» жеңіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. 

Сурет: manutd.com.vn

Ө. Сансызбай