Серхио Рамос клубтар арасындағы Әлем чемпионатының ең үздік футболшысы атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Серхио Рамос клубтар арасындағы Әлем чемпионатының ең үздік футболшысы атанды

Мадридтік "Реал" командасының қорғаушысы Серхио Рамос 2014 жылғы клубтар арасындағы Әлем чемпионатының ең үздік футболшысы атанды. 

БӨЛІСУ

Қорғаушы «Крус Асуль» мен финалдық кездесуде мергендігімен көзге түскен болатын. Оған «Алтын доп» табысталса, «Күміс допты» Криштиану Роналду иеленді. «Қола доп» «Окленд Сити» командасының қақпашысы Иван Вицеличке бұйырды.

Естеріңізге сала кетсек, "Реал" командасы Аргентинаның "Сан Лоренцо" командасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, өз тарихында тұңғыш рет  клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жеңіп алған болатын. 

Сурет: Vk.com