Жозе Моуринью 17 жасар шабуылшыға қызығушылық танытуда

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Жозе Моуринью 17 жасар шабуылшыға қызығушылық танытуда

Лондондық "Челси" командасы жақын күндері талантты шабуылшылардың бірін өз қатарына қосуды көздеп отыр.

БӨЛІСУ

Британдық Daily Mirror сайтының хабарлауы бойынша, "Ақсүйектердің" бас бапкері Жозе Моуринью 17 жасар Дэниел Аджей есімді футболшыға қызығушылық танытуда. Бүгінде "Милтон Кинс Донс" (U21) командасының намысын қорғайтын талантты жас өзінің сұрмергендігімен көзге түсіп отыр.

Егер "Челси" командасы Дэниел Аджеймен келісімге келетін болса, жас шабуылшы осы қыстан бастап командада доп тебуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек,  жас шабуылшыны  "Эвертон", "Ньюкасл" және "Куинз Парк Рейнджерс" сынды командалар да өз қатарынан көргісі келеді. Алайда Дэниелдің қандай шешім қабылдары әлі белгісіз.

Сурет: espndeportes.com