«Audi» компаниясы «Барселона» ойыншыларына көлік сыйлады

«Audi» компаниясы «Барселона» ойыншыларына көлік сыйлады

Каталондық «Барселона» футбол клубы басты серіктестерінің бірі «Audi» компаниясының ерекше сыйына кенелді. Команданың барлық ойыншылары мен бас бапкері Луис Энрикеге неміс компаниясы көлік мінгізді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Футболшылар компанияның жаңа нұсқадағы көліктерін байқау сынағынан да өткізді. Замануи құрылғылармен жабдықтала түскен Audi A7 Sportback және Audi Q7 автокөліктері футболшылардың да көңілінен шықты. 

Айта кетейік, «Audi» компаниясы жалғыз «Барселона» командасымен ғана серіктес емес. Мадридтік «Реалмен» де тығыз қарым-қатынаста. «Корольдік клубтың» ойыншыларына да көлік мінгізіп тұруды әдетке айналдырған.

Cурет:fcbarcelona.com

Ө. Сансызбай