Олжас Абраев бүгін УЕФА өкілі қызметін атқарады

 Олжас Абраев бүгін УЕФА өкілі қызметін атқарады

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев бүгін мәскеулік «Динамо» мен афиналық «Панатинайкос» арасындағы ойынды УЕФА өкілі ретінде қадағалайды. Кездесу Мәскеудегі «Химки» стадионында өтеді.

Олжас Абраев УЕФА өкілі ретінде ойындарға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Осыған дейін Еуропа лигасындағы беларустық «Шахтер» мен ирландиялық «Дерри Сити» ойындарын да бақылап қайтқан болатын. Сонымен қатар, 21 жасқа дейінгі Әзірбайжан мен Норвегия ойындарында да бақылаушы болған.

Айта кетейік, бүгін футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінің v тур ойындары өтеді. Плей-офф жолдамасын иеленген ұжымдар мен бірнеше қош айтысқан командалар да анықталатын болады. Ендеше бүгін түнде қандай тартысты кездесулер күтіп тұр? Қарай отырайық.

«А» тобы

«Вильарреал» (Испания) – «Боруссия» (Германия) – 02:05

«Цюрих» (Швейцария) – «Аполлон» (Кипр) – 02:05

«В» тобы

«Хельсинки» (Финляндия) – «Копенгаген» (Дания) – 02:05

«Торино» (Италия) – «Брюгге» (Бельгия) – 02:05

«С» тобы

«Астерас» (Грекия) – «Бешикташ» (Түркия) – 02:05

«Тоттенхэм» (Англия) – «Динамо» (Хорватия) – 02:05

«D» тобы

Селтик (Шотландия) – Зальцбург (Австрия) – 02:05

Астра (Румыния) - «Динамо Загреб» (Хорватия) – 02:05

«Е» тобы

«Эшторил» (Португалия) – ПСВ (Нидерланды) – 02:05

«Динамо» (Ресей) – «Панатинаикос» (Грекия) – 22:00

«F» тобы

«Интер» (Италия) – «Днепр» (Украина) – 02:05

«Сент-Этьен» (Франция) – «Карабах» (Әзірбайжан) – 02:05

«G» тобы

«Фейеноорд» (Нидерланды) – «Севилья» (Испания) – 00:00

«Риека» (Хорватия) – «Стандард» (Бельгия) – 00:00

«H» тобы

«Краснодар» (Ресей) – «Лилль» (Франция) – 23:00

«Вольфсбург» (Германия) – «Эвертон» (Англия) – 00:00

«I» тобы

«Спарта» (Чехия) – «Наполи» (Италия) – 00:00

«Слован» (Словакия) – «Янг Бойз» (Швейцария) – 00:00

«J» тобы

«Олборг» (Дания) – «Стяуа» (Румыния) – 00:00

«Динамо» (Украина) – «Рио Аве» (Португалия) – 00:00

«K» тобы

«Генгам» (Франция) – «Фиорентина» (Италия) – 00:00

«Динамо» (Беларусь) – ПАОК (Грекия) – 00:00

«L» тобы

«Металлист» (Украина) – «Трабзонспор» (Түркия) – 00:00

«Локерен» (Бельгия) – «Легия» (Польша) – 00:00

Ойындар Астана уақытымен көрсетілген

Сурет:prosportkz.kz

Ө. Сансызбай