«Еуразия барысы». Ресей мен Тәжікстан балуандары белгілі болды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
«Еуразия барысы». Ресей мен Тәжікстан балуандары белгілі болды

22 қараша күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге 12 құрама қатысады.

БӨЛІСУ

«Еуразия барысында» бақ сынайтын Ресей мен Тәжікстан балуандарының есімі анықталды. Ресейлік балуандар былтырғы «Еуразия барысында» үшінші орынға ие болған еді. Ырзабек Меңдіқұлов баптайтын көрші елдің спортшылары бұл жолы да жүлдеден дәмелі. Ал, алғашқы турнирде бесінші орын алған тәжік балуандары да қарап қалмасы анық. Чамшид Шониезов баптайтын тәжік балуандарының қатарында өткен жолы «Жеңіске деген жігері үшін» деген атаққа ие болған Дадахон Курбоналиев те бар. 

Ресей құрамасы:

1.Сергей Филипов
Бойы: 165 см.
Салмағы: 60 келі.
1984 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2002 жылы самбодан Еуропа чемпионы;

2.Андрей Ковалевский
Бойы: 170 см.
Салмағы: 70 келі.
1988 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
Кунг-фудан Ресей чемпионатының жеңімпазы (2013ж.), Әскери самбодан
жастар арасында Ресей чемпионы (2014ж.); 

3.Михаил Удовиченко
Бойы: 178 см.
Салмағы: 80 келі.
1995 жылы дүниеге келген.
– 2005жылы самбодан Еуропа чемпионы;

4.Дмитрий Михаилов
Бойы: 170 см.
Салмағы: 90 келі.
1988 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2006 жылы самбодан Ресей чемпионатының жүлдегері;

5.Алексей Березин

Бойы: 196 см.
Салмағы: +90 келі.
1988 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2009 жылы дзюдодан Ресей кубогының жүлдегері;

Тәжікстан құрамасы: 

1.Тилло Абдуллозода
Бойы: 177 см.
Салмағы: 60 келі.
1990 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2014 жылы тәжіктердің ұлттық күресінен Тәжікстан чемпионы;

2.Мухаммадризвон Азизи
Бойы: 168 см.
Салмағы: 70 келі.
1994 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2012,2013 жылдары самбодан жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы;

3.Суруш Каримов
Бойы: 174 см.
Салмағы: 80 келі.
1996 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2013,2014 жылдары самбодан жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы;

4.Аминджон Джалолов
Бойы: 193 см.
Салмағы: 90 келі.
1994 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2014 жылы тәжіктердің ұлттық күресінен Тәжікстан чемпионы;

5.Дадахон Курбоналиев
Бойы: 177 см.
Салмағы: 102 келі.
1989 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2013 жылы самбодан Азия чемпионатының жүлдегері;
– 2014 жылы дзюдодан Тәжікстан чемпионы;
– 2014 жылы гуштингириден (күрес түрі) Тәжікстан чемпионы;

Сурет: kazakhstanbarysy.kz