"Манчестер Юнайтед" Срнаны сұрап отыр

"Манчестер Юнайтед" Срнаны сұрап отыр

Украиналық "Шахтер" клубының қорғаушысы Дарио Срна спорттық мансабын "Манчестер Юнайтед" командасында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы сербиялық белгілі журналист Аса Стоянович туиттердегі жеке парақшасында жариялады.

"Манчестер Юнайтед Срнаны қаңтар айында сатып алуды көздеп отыр. Клуб басшылығы ұсыныс білдіріп те үлгерді. Футболшы бұл ұсынысты қабыл алуы әбден мүмкін - дейді Стоянович.

Алайда хорватиялық 32 жастағы ойыншының бұл ұсынысты қалай қабылдағаны әзірге құпия болып отыр. 

Аса Стоянович өткен жазда Душана Тадичтің "Твенте" командасынан "Саутгемптонға" ауысқанын алғаш боп жеткізген еді. Сол себепті бұл жаңалық шындыққа жанасады.

Естеріңізге сала кетсек, Дарио Срнаға бұдан бұрын "Рома" клубы қызығушылық танытқан болатын.

Сурет: fc-shakhtar.ucoz.net

Н. Айдархан