«Ордабасы» бапкері қызметінен кеткен жоқ

«Ордабасы» бапкері қызметінен кеткен жоқ

Футболдан шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Саулюс Ширмялистің келісімшарт мерзімі аяқталды. Бүгін жарияланған ақпараттар бойынша бас бапкер мен оның көмекшілері қызметінен кеткені айтылды. Осыған орай команданың баспасөз хатшысы Ілияс Жолдас мырзаға хабарласып көрген едік.

- Саулюс Ширмялис бапкердің келісімшарты аяқталғаны рас. Бірақ, әлі қызметтен кеткен жоқ. Қазір команда еңбек демалысында. 15 желтоқсан күні оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Бас бапкердің командада қалу, қалмау мәселесі сол кезде шешілетін болады, - деді.

Айта кетейік, шымкенттік «Ордабасы» осы маусымды өте сәтті аяқтады. Өз тарихында алғаш рет премьер-лигадағы төрттікке енді. Сонымен қатар, келер маусым Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын болады. 

Сурет: ffk.kz

Н. Айдархан