Роберто Манчини «Интер» командасының бас бапкері атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Роберто Манчини «Интер» командасының бас бапкері атанды

«Манчестер Сити» және «Галатасарай» клубтарының бұрынғы жаттықтырушысы Роберто Манчини ресми түрде «Интер» командасының бас бапкері атанды.

БӨЛІСУ

Италиялық маман 15-қарашадан бастап өз жұмысына кірісті. 49 жастағы бапкер бұл қызметке Вальтер Маццаридің орнына келіп отыр. Вальтер Маццари жақында ғана «Интер» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

Манчини «Интер» командасында 2004-2008 жылдары аралығында қызмет етіп, үш мәрте Италия чемпионатын, екі рет Италия Кубогын және бір рет Италия Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Бүгінде «Интер» командасы ішкі біріншілікте 11 турдан кейін 16 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Сурет: wsport.com.ua