Көкшетаулық клуб премьер-лигаға оралды

Көкшетаулық клуб премьер-лигаға оралды

Футболдан Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы бірінші лига ойындарының аяқталуына бір тур қалғанда премьер-лигаға шығу жолдамасын жеңіп алды.

ХХVII турда түзде «Махтаралмен» кездескен ұжым екі доп басымдығымен жеңіске жетіп, екі жылдан кейін премьер-лигаға оралу мүмкіндігіне ие болды. Андрей Феропонтев шәкірттері бірінші лигадағы соңғы ойынын 8 қараша күні өз алаңында «Каспийге» қарсы өткізеді. Сонымен қатар, премьер-лигаға шығу үшін берілетін тағы бір мүмкіндікке талас қыза түсті. Айта кетсек, ережеге сәйкес бірінші лигада екінші орын алған команда премьер-лигада 11-ші орын алған ұжыммен бір жолдамаға таласатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні премьер-лиганың ХХХІ тур ойындары өтіп, елордалық «Астана» мезгілінен бұрын ел чемпионы атағына қол жеткізген еді. Сонымен қатар, шымкенттік «Ордабасы» Еуропа лигасына берілер жолдаманы иеленсе, қарағандылық «Шахтер» соңғы бес маусымда алғаш рет еурокубок ойындарынан шет қалды. 

Сурет: okzhetpes.kz

Ө. Сансызбай