Мессиге марапат бұйырмады

Мессиге марапат бұйырмады

Испания ла-лигасының өткен маусымдағы үздік футболшылары анықталды. Салтанатты кеште каталондық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси ешбір аталым бойынша марапатқа ие бола алмады.

Мадридтік «Реалдың» португалдық футболшысы Криштиану Роналду үш бірдей марапатқа ие болды. Өткен маусымдағы Испания чемпионатының үздік ойыншысы мен шабуылшысы, және үздік голдың авторы атанды. Көпшілік көңілінен шыққан голын «Валенсия» қақпасына салған болатын.

Примераның 2013/2014 жылғы маусымдағы үздік бапкері болып Диего Симоене («Атлетико») танылса, үздік қорғаушы мен жартылай қорғаушы марапатын «Реал» ойыншылары Серхио Рамос пен Лука Модрич иеленді. Үздік қақпашы атағын да өткен маусымда «Леванте» сапында ойнаған олардың командаласы Кейлор Навас жеңіп алды.

Каталондық «Барселона» қатарынан Андрес Иньеста үздік шабуылға бейім жартылай қорғаушы болса, оның әріптесі Рафинья өткен маусымда есімі танылған ерекше танылған ең үздік ойыншы атанды.

«Севилья» командасының колумбиялық футболшысы Карлос Бакка үздік оңтүстік америкалық ойыншы атанса, Африка құрлығынан келген футболшылар арасында үздік болып трансфер кезеңінде  «Гранададан» «Портуға» ауысқан Ясин Браими танылды.

Cурет: cules.dk

Ө. Сансызбай