Месси «Эль-Классикоға» жарақатпен шыққан

Месси «Эль-Классикоға» жарақатпен шыққан

Сенбі күні төрткүл дүние көз тіккен мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» арасындағы кездесу өткен еді. Ал сол ойында өзін толықтай көрсете алмаған бүгінгінің үздік ойыншыларының бірі Лионель Месси жарақатпен шыққан көрінеді.

«Корольдік клубқа» қарсы  ойынға аргентиналық сұрмерген толықтай дайын болмаған. El Confidencial басылымы ақпараты бойынша, Месси ойын алдындағы жаттығу кезінде өкшесін ауыртып алған. Нәтижесінде «Барселонаның» көшбасшысы ойынға ауыртпайтын дәрі егу арқылы ғана қатысқан.

Айта кетейік, сол кездесуде «блауграна» жылдам есеп ашқанмен, ойын соңына дейін үш рет допты қақпаларына өткізіп алып, жеңіліс тапқан еді.

Сурет: rambler.ru

Ө. Сансызбай