Суарес «Реалға» қарсы негізгі құрамда шығады

Суарес «Реалға» қарсы негізгі құрамда шығады

Ертең әлемдегі сан мыңдаған спорт жанкүйерлері асыға күткен «Реал» мен «Барселона» кездесуі өтеді. Ал 4 ай бойы ресми кездесулерден шеттетілген Луис Суарес негізгі құрамда алаңға шықпақ.

Каталондық клубтың бас бапкер Луис Энрике мадридтік клубқа қарсы уругвайлық шабуылшыны негізгі құрамда шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ФИФА да футболшының жасыл алаңға шықпауына шектеу қойған уақытының мерзімі аяқталғанын мәлімдеді.

Луис Суарестің ресми кездесулерге оралуын жанкүйерлер асыға күткені анық. Әсіресе, каталондық клуб жанкүйерлері. Ертең «Сантьяго Бернабеуде» клубтың шабуыл шебінде Месси, Неймар мен Суарес триосы атой салмақ. Ал «Барселона» болса Суарестің қатарларына ресми қосылуына орай бейнебаян түсіріп те шығарды.

Естеріңізге сала кетсек, «Эль-Класико» ойыны ертең Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Cурет: sports.ru

Ө. Сансызбай