«Қайрат» футзал клубының қарсыластары анықталды

«Қайрат» футзал клубының қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл додада ел намысын қорғайтын алматылық «Қайраттың» қарсыластары анықталды.

Алматылық «Қайрат» элиталық кезеңде Францияның «Спортинг», Латвияның «Никарс» және Сербияның «Экономац» командаларымен бір топта өнер көрсететін болды. Бұл кезеңнің кездесулері 18-23 қараша аралығында өтеді. Осыған дейін белгілі болғандай, отандастарымыз бұл топтағы кездесулерін Алматыда өткізеді.

«A» тобы«Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Гранд Про» (Болгария), «Шарлеруа» (Бельгия).

«B» тобы: «Араз» (Әзірбайжан), «Дина» (Ресей), «Слов-Матик» (Словакия), «Хрудим» (Чехия).

«C» тобы«Қайрат» (Қазақстан), «Спортинг» Париж (Франция), «Никарс» (Латвия), «Экономац» (Сербия).

«D» тобы: «Барселона» (Испания), «Береттьоуйфалу» (Венгрия), «Баку Юнайтед» (Англия), «Локомотив» Харьков (Украина).

Төрт топтан үздік шыққан клубтар келер жылдың сәуір айында өтетін финалдық кезеңге жолдама алатын болады. Жолдама алған төрт клубтың бірі шешуші ойындарды өз жерінде қабылдайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай