«Әлем барысында» ел намысын кімдер қорғайды?

«Әлем барысында» ел намысын кімдер қорғайды?

25 қазан күні Павлодарда тұңғыш рет өткелі отырған «Әлем барысы» додасында ел намысын кілем иелері ретінде 4 балуанымыз қорғайтын болады.

Кіл мықтылардың боз кілемдегі белдесулері жанкүйерлердің көңілін бір серпілтіп тастары анық. Қазіргі таңда еліміздің атынан сынға түсетін 6 палуанымыз таңдап алынды. «Қазақстан Барысының» төрт маусымында жеңімпаз атанған Ұлан Рысқұл (2011), Бейбіт Ыстыбаев (2012), Айбек Нұғымаров (2013), Мұхит Тұрсынов (2014) және жүлдегерлер қатарында 2014 жылы финалда өнер көрсеткен Асыл Бәрменов пен қола жүлдегер Руслан Әбдіразақов бар. Қазір аты аталған балуандар оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп, «Әлем барысына» жанын салып дайындалуда. Жарыс жақындаған сәтте осы алты балуанның ішінен бабы келіскен төртеуі таңдалып алынатын болады. 

Естеріңізге сала кетсек, Павлодардағы дүбірлі дода туралы осыған дейін толыққанды ақпарат жариялаған болатынбыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай