Нидерланды құрамасы бапкерін ауыстырмақ

Шерхан Талап Корреспондент
Нидерланды құрамасы бапкерін ауыстырмақ

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасымен бір топта бақ сынайтын Нидерланды құрамасының басшылығы бас бапкер Гус Хиддинкті қызметінен босатуы мүмкін.

БӨЛІСУ

Қызғалдақты елдің өкілдері іріктеу кезеңін сәтсіз бастады. Соңына дейін қарсыласқан Қазақстан құрамасынан үш ұпайды еншілегенмен, чехтар мен исландиялық футболшыларға үш ұпай сыйлады. Бұл нәтиже аталған елдің футбол федерациясы мен жанкүйерлерін қанағаттандырып отырған жоқ. Ағылшындық Daily Mirror басылымы ақпараты бойынша, Гус Хиддинктің орнын басар жаңа бапкер анықталып та қойған көрінеді. Бұл орынға қазіргі таңда «Саутгемптон» командасын жаттықтырып жүрген Рональд Куман басты үміткер саналуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда Нидерланды құрамасы үш кездесу қорытындысында «А» тобында үшінші орында келеді. Ал бұл топтағы жерлестеріміз бір ұпаймен бесінші орында тұр.

 "A" тобы   Ойын     Жеңіс     Тең     Жеңіліс     Голдар     Ұпай  
1.    Исландия 3 3 0 0 8:0 9
2.    Чехия 3 3 0 0 8:4 9
3.    Нидерланды   3 1 0 2 4:5 3
4.    Латвия 3 0 2 1 1:4 2
5.    Қазақстан 3 0 1 2 3:7 1
6.    Түркия 3 0 1 2 2:6 1

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru