Нидерландыға алты футболшымыз аттанбады

Нидерландыға алты футболшымыз аттанбады

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерландыға қарсы өтетін кездесуге алты футболшымыз аттанбады.

Медициналық тексеруден кейін бапкерлер шешімі бойынша Бауыржан Исламхан, Танат Нөсербаев, Юрий Логвиненко және Евгений Коструб Амстердамда өтетін ойынға бармайтын болды. Футболшыларға аздап тынығу керек деп шешілген. Бас бапкер көмекшісі Виктор Кумыков бұл ойыншылармен жекелей жаттығуларын жалғастыратын болады. 13 қазан күнгі Чехияға қарсы ойынға шығады деп күтілуде. Сонымен қатар, жарақатына байланысты Владимир Логиновский мен Станислав Луниннің де Нидерланды жеріне жолы түспеді. Ал осыған дейін, Самат Смақовтың да жарақатына байланысты алаңға шықпайтыны айтылған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан мен Нидерланды құрамаларының арасындағы кездесу 10 қазан күні түнде «Амстердам Арена» стадионында өтеді. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар. 9 қыркүйек күні Латвиямен өткен тең ойыннан кейін, іріктеу кезеңінде еншімізде 1 ұпай бар. 

"A" тобы   Ойын     Жеңіс     Тең     Жеңіліс     Голдар     Ұпай  
1.    Исландия 1 1 0 0 3:0 3
2.    Чехия 1 1 0 0 2:1 3
3.    Латвия 1 0 1 0 0:0 1
4.    Қазақстан 1 0 1 0 0:0 1
5.    Нидерланды   1 0 0 1 1:2 0
6.    Түркия 1 0 0 1 0:3 0

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай