Каталондық клубтар қайда барады?

О Сансызбай Корреспондент
Каталондық клубтар қайда барады?

Футболдан Испания кәсіпқой футбол лигасының президенті Хавьер Тебас Каталония өз тәуелсіздігін алар болса, «Барселона» мен «Эспаньол» футбол клубтары ла-лигада өнер көрсете алмайтынын мәлімдеді.

БӨЛІСУ


- Егер Каталония Испаниядан тәуелсіздігін алар болса, «Барселона» мен «Эспаньол» чемпионаттан шеттетіледі. Спорттағы заңға сәйкес, ішкі біріншілікте бір елдің ғана командалары өнер көрсетеді,- деді Хавьер Тебас.

Айта кетейік, осыған дейін Independent Valley басылымы Каталония Испаниядан тәуелсіздігін алар болса, әлемге танымал «Барселона» мен «Эспаньол» футбол клубы Франция бірінші лигасына ауысуы мүмкін деп хабарлаған болатын. Футбол ұжымдарының басшылығы да Франция біріншілігіне ауысу туралы ресми өтініштерін жариялауға дайын көрінеді.

Каталонияның тәуелсіздік алу үшін күресуінің де өзіндік себептері де бар. Испанияға негізгі басым пайданы түсіріп отырған аймақ саналғанмен, саяси көзқарастарға байланысты көңіл бөлінбей келеді. Мұны көзі ашық, көкірегі ояу каталондық билік өкілдерінің тізгінін ұстап отырған шенеуніктер түсінеді де. Ал бұл аймақ тұрғындарының ұстанымы антииспандық және сепаратистік бағытта екені де белгілі. Кейде «Камп Ноуда» Испания әнұраны шырқалғанда, халық ысқырып, наразылық танытады. Қалай да күзде егемендігін алуға білек сыбанып күресуге дайын. Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдум 9 қараша күні өтеді. Ал көп спортсүйер қауым болса, спортты саясатпен шырмауды жөн санап отырған жоқ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:checklive.ru