2020 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын 13 қала белгілі болды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
2020 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын 13 қала белгілі болды

Бүгін Женевада 2020 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын қалалардың тізімі жарияланды.

БӨЛІСУ

УЕФА басшылығының шешімімен бұл тізімге Санкт-Петербург (Ресей), Баку (Әзірбайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Мюнхен (Германия), Брюссель (Бельгия), Амстердам (Нидерланды), Копенгаген (Дания), Рим (Италия), Бильбао (Испания), Дублин (Ирландия), Лондон (Англия) және Глазго (Шотландия) қалалары енді.

Топтық кезең және 1/8 финал ойындары Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго қалаларында өтетін болды. Ал, ширек финал кездесулерін Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург, Рим қалалары қабылдайды. Жартылай финал және финал Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, УЕФА 2012 жылдың желтоқсан айында 2020 жылғы Еуропа чемпионатын бірнеше қалада қатар өткізуге шешім қабылдаған болатын. Бұндай өзгеріс Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай қолға алынып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, Еуро-2020 додасын қабылдауға басында Еуропаның 20 қаласы өтініш білдірген-ді. Оның қатарында елордамыз Астана қаласы да болған еді. Алайда Астана іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz