Жервиньо "Ромамен" келісімшартын ұзартты

Жервиньо "Ромамен" келісімшартын ұзартты

Кот-д'Ивуар құрамасының шабуылшысы Жервиньо (Жерве Яо Куасси) Италияның "Рома" командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

27 жастағы футболшы жаңа келісімшарт бойынша 2018 жылға дейін "Рома" сапында өнер көрсететін болады. Бұрынғы келісімшарт мерзімі бойынша ол 2017 жылға дейін "Ромада" доп тебуге тиіс болатын. Жервиньо италиялық клубқа 2013 жылы лондондық "Арсенал" командасынан ауысып келді.

Ивуарлық шабуылшы өткен маусымда Италияның А сериясында 33 кездесу өткізіп, 9 гол соққан және 9 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол бар болғаны екі сары қағаз алған екен.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін танымал FIFA 15 ойынында ең жылдам жиырма ойыншының тізімі жасалған болатын. Бұл тізімде Жервиньо 17 орынға ие болды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: live-football.ru

Н. Айдархан