«Реал» 16 жастағы футболшыны сатып алды

«Реал» 16 жастағы футболшыны сатып алды

Испаниялық «Реал» командасы амстердамдық «Аякс» академиясының түлегі, 16 жастағы Минк Питерс есімді футболшыны сатып алды. Бұл туралы De Telegraaf газеті хабарлады.

Минк Питерс өзінің твиттердегі жеке парақшасына: «Мен ресми түрде «Реалдың» футболшысы атандым. Бұл мүмкіндікке өте қуаныштымын. Менің арманым орындалды», – деп жазған.

Талантты жартылай қорғаушы Минк Питерс «Аяксқа» 2012 жылы «ПСВ» клубынан ауысып келген болатын. Ол 17 жасқа дейінгі Нидерланды құрамасында өнер көрсетеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Н. Айдархан