«Манчестер Юнайтед» Роналдудың болашақ жалақысын жариялады

«Манчестер Юнайтед» Роналдудың болашақ жалақысын жариялады

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубы мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналдуды өз командасына қайтарып алу жұмыстарын бастады. Бұрынғы жұлдызын «Олд Траффордқа» оралту үшін олар «Реалға» 62 миллион евро төлемек ниетте. Бұл туралы британдық Daily Mail газеті хабарлап отыр.

«Манчестер Юнайтед» командасы португалдық ойыншыға аз жалақы ұсынып отырған жоқ. Олар Роналдуға апта сайын 320 мың евро төлеуге дайын. Сондай-ақ, «МЮ» басшылығы келісімшарт мерзімін ұзақ жылға созуды көздеп отыр.

Футбол мамандары бұл трансферлік ауысымның жүзеге асуы неғайбыл деп есептейді. Себебі, испаниялық команда Роналду сынды серке ойыншысынан айрылып қалмауды ойлайды.

Роналдудың өзге клубқа ауысуы туралы сыбыс жиілеген сайын жұлдызды ойыншыны өз командасынан көргісі келетіндердің саны арта бастады. Кеше ғана лондондық «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуринью Роналдуға қызығушылық танытқан болатын.

Португалдық футболшының өзі бұдан бұрын «Олд Траффордқа» қайта оралатыны туралы сыңай білдірген-ді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы уақытта «Реалдың» трансферлік саясаты аясында клуб басшылығы мен Роналду арасында түсініспеушіліктер туындап жатқандығы белгілі болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, «Қызыл сойқандар» 2009 жылдың маусым айында Роналдуды «Реалға» 65 миллион евроға сатқан болатын. Бір жыл өткесін жаңа келісімшарт жасалып, Роналду әлемдегі ең жоғарғы жалақы алатын футболшы атанған-ды. Ол келісімшарт 2018 жылдың жазына дейін күшінде болады. Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2003 жылдан 2009 жылға дейін өнер көрсетті.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: football-infor.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?
Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?