Ибрагимович «Мен – Златан» кітабының жалғасын жазбақ

Ибрагимович «Мен – Златан» кітабының жалғасын жазбақ

Әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің бренд-менеджері әрі баспашысы жақын уақыттарда «Мен – Златан» кітабының жалғасы жарық көруі мүмкін, деп хабарлады.

Швециялық танымал «Aftonbladet» газеті де Златан Ибрагимовичтің 2012 жылы жарыққа шыққан «Мен – Златан» кітабының жалғасы жазылып жатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туындыда футболшының Италия, Франция клубтарында және Швеция құрамасы сапында ойнаған кездері жазылған көрінеді. Сондай-ақ, Златанның «Барселонаға» келуі мен «Миланға» ауысуы және «ПСЖ» клубына қайта оралуы да сөз болады екен.

«Aftonbladet» газеті: «Златан өз кітабының көптеген адамға қажет екенін түсінді. Оның жанкүйерлерге әлі айта алмаған әңгімелері жетерлік», - дейді.

«TV Z» атты веб-каналдың негізін қалаушы, танымал журналист Дженнифер Вегерап: «Златан кітабының жалғасын жазғысы келеді. Бұл туралы менің қолымда сенімді деректер бар. Кітаптың жалғасының жазылуы мен сатылуы оның ниет-қалауына байланысты. Златанның әлі айтылмаған көп дүниесі бар», - деп қостады.

Естеріңізге сала кетсек, Ибрагимович жақында Швеция құрамасы тарихында ең көп гол салған футболшы атанды. Ол Эстонияға қарсы өткен ойында дубль жасап, Криштиану Роналдудің жетістігін қайталады. Роналду 90 минуттық ойынның әрбірінде гол салған жалғыз футболшы болатын.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sport.ru

Н. Айдархан