Еуро-2016. Бүгін Қазақстан құрамасы Латвиямен кездеседі

Еуро-2016. Бүгін Қазақстан құрамасы Латвиямен кездеседі

Бүгін футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвия футболшыларымен кездеседі. 

Қазақстан құрамасы 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде «А» тобына түскен болатын. Бұл топта еліміздің аяқдоп шеберлері Нидерланды, Исландия, Латвия, Түркия және Чехия құрамаларымен күш сынасады. Юрий Красножан шәкірттерінің алғашқы ойыны латвиялық футболшыларға қарсы өтеді.

Бұл екі құрама бұрын өзара үш рет кездесу өткізген. Оның екеуінде Латвия құрамасы жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған. Алғашқы ойын Ригада 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілсе, екінші ойын 2004 жылдың 18 ақпанында өтіп, 3:1 есебі тіркелген. Ал, 2012 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен кездесуде есеп ашылмаған (0:0).

Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан:

«Бізді алда қызықты ойын күтіп тұр. Бұл кездесуде қай құраманың фаворит екені белгісіз. Біз Латвия құрамасын жақсы білеміз. Команда да техникалы, мықты ойыншылар өнер көрсетеді. Олар ұйымшыл, жинақы ойын үлгісін көрсете алады. Сондықтан, латвиялықтардан бұл іріктеу кезеңінде бәрін де күтуге болады».

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов:

«Біз бұл ойынға жанкүйерлердің көптеп келгенін қалаймыз. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Біз жаңа іріктеу кезеңін бастағалы тұрмыз. Команданың жеңіске жетуі жанкүйерлердің қолдау керсетуіне байланысты». 

Қос құраманың бас бапкерлері алаңға шығуы тиіс ойыншылардың толық құрамын жариялады. 

Қазақстан Ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Александр Мокин, Стас Покатилов (екеуі де «Шахтер»), Владимир Логиновский («Астана»), Станислав Павлов, Андрей Сидельников (екеуі де «Ақтөбе»):

Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Атырау»), Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков, Виктор Дмитренко (үшеуі де «Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Самат Смақов, Марк Гурман («Қайрат»), Сергей Малый («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко, Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров (үшеуі де «Ақтөбе»), Азат Нұрғалиев, Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»):

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Бауыржан Исламхан, Ермек Қуантаев (екеуі де «Қайрат»), Ұлан Қонысбаев, Мақсат Байжанов (екеуі де «Шахтер»), Валерий Коробкин, Марат Хайруллин (екеуі де «Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Дмитрий Шомко («Астана»):

Шабуылшылар: Бауыржан Байтана, Аслан Дарабаев, Станислав Лунин (үшеуі де «Қайрат»), Бауыржан Жолшиев, Таңат Нөсербаев (екеуі де «Астана»), Алексей Щеткин («Тараз»), Тоқтар Жанқылышбай («Шахтер»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша).

Бас бапкер: Юрий Красножан

Латвия құрамасы:

Қақпашылар: Александр Колинько («Балтика», Ресей), Павел Штейнбор («Гурник» Забже, Польша);

Қорғаушылар: Каспар Горкш (клубы жоқ), Виталий Максименко («Брайтон», Англия), Виталий Ягодинский («Говерла», Украина), Олег Тимофеев, Каспар Дубра, Антон Куракин (барлығы – «Вентпилс»), Гинт Фрейманис («Елгава»), Наурис Булвитис («Арау», Швейцария), Владислав Габов («Сконто»);

Жартылай қорғаушылар: Артис Лаздиньш («Елгава»), Артур Зюзин («Балтика», Ресей), Александр Цауня (ЦСКА, Ресей), Александр Фертов (клубы жоқ), Олег Лайзан («Енисей», Ресей), Ритварс Ругинс («Вентспилс»), Андрей Ковалев («Дачия», Молдова);

Шабуылшылар: Артем Руднев («Гамбург», Германия), Эдуард Вишняков («Видзев» Лодзь, Польша), Валерий Шабала («Анортосис», Кипр).

Бас бапкер: Марьян Пахарь

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Латвия арасындағы ойынды «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: kazsport.kaztrk.kz

Н. Айдархан